ГАЖ технологиясын және RUSLE моделін пайдалана отырып, топырақ эрозиясын бағалау
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.2(125).1864Ключевые слова:
топырақ эрозиясы; RUSLE моделі; ГАЖ; бедердің сандық моделі; ауыл шаруашылығы алаптар; құнарлы қабат.Аннотация
Алғышарт мен мақсат. Қазіргі таңда топырақ эрозиясы қоршаған ортаға көптеген зардабын тигізуде. Ауыл шаруашылық саласында топырақ эрозиясы (желдің және судың шайуы) немесе антропогендік деградацияның әсерінен топырақтың құнарлы қабатының жойылуына әсер етуде. Ғылыми мақалада нақты ауылшаруашылық жерлерінде заманауи технологияларды қолданып жер деградация процессін азайту жолдары көрсетілген.
Материалдар мен әдістер. Зерттеудің мақсаты геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) мен RUSLE моделінің интеграциясы негізінде Ақмола облысы Есіл ауданының су эрозиясына шалдыққан жерлерінің жағдайын зерттеу. Талдау барысында келесідей көрсеткіштер мен коэффициенттер қарастырылды: R - жауын-шашынның түсу мөлшері; К - топырақтың эрозияға төзімділігі коэффициенті; LS - еңістіктің ұзындығы мен тіктігін сипаттайтын коэффициент; C – жерпайдаланушылық пен топырақ жамылғысының факторы; P- эрозияға қарсы қолданылатын шаралар және басқада көрсеткіштер қолданылды.
Нәтижелер. Талдаудың нәтижесі бойынша, аудандағы топырақтың құнарлы қабатының жоғалуы орташа деңгейде (3,2 т га-¹ жыл-¹) екені анықталды. Жалпы зерттеу объектісінде жылына шамамен 90,7% (0-20 т га-¹ жыл-¹ аралығында) төмен немесе орташа деңгейде топырақтың құнарлы қабатының шайылуы анықталды, ал максималды топырақ құнарлығының жоғалту 9,3%-ға (40 т га-¹ жыл-¹) дейін жетеді.
Қорытынды. Ұсынылған эрозияны бағалау әдісі топырақ эрозиясының кеңістікте таралу процесстерін толық игеруге мүмкіндік береді, топырақ эрозиясының болашақта қалыптасуын дәстүрлі бағалау әдісіне қарағанда жақсырақ анықтайды, сонымен қатар топырақты тұрақты басқару мақсатында тиімді қолдануға ықпал етеді.