Жаздық жұмсақ бидай сорттарының өнімділігі мен құрғақшылыққа төзімділігін арттырудың кешенді агротехнологиялық шаралары

Авторы

  • Амантаев Б.О. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Кипшакбаева Г.А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Мейсам З. Патриса Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті
  • Кульжабаев Е.М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Кашкаров А.А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Лущак П.В. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Каримова А.М. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.2(125).1844

Ключевые слова:

жаздық бидай; сорт; өсіру технологиясы; өнімділік; құрғақшылыққа төзімділік.

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Жаздық жұмсақ бидай елімізде көп мөлшерде экспортталатын негізгі ауылшаруашылығы дақылы болып саналады. Дақыл өнімділігі қазіргі кезде орын алып жатқан жаһандық климаттың өзгеруінен көп зардап шегуде, сондықтан өсірудің бейімделген шаралар жүйесінің болмауы бүкіл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан, құрғақшылықтың жаздық жұмсақ бидай дақылының өнім түзу үдерістеріне теріс әсерін төмендетуге арналған кешенді агротехнологиялық шаралар жүйесін зерттеу мақаланың негізгі мақсаты болды.

Материалдар мен әдістер. Агрономияда қабылданған әдістеме бойынша жүргізілген танаптық тәжірибеде жаздық жұмсақ бидайдың сорттары, кешенді препаратты пайдалану және беткі топырақ өңдеу жұмыстары зерттелді. Зерттеу барысында бидайдың нақты өнімділігін, дақылдың төзімділік индексін, өнімнің тұрақтылық индексін, өнімділіктің модельденген мәнін, өсімдіктің стресске төзімділік және сезімталдық индексін бағалау және саралау жүргізілді.

Нәтижелер. Танаптық зерттеулер нәтижесінде агротехнологиялық шаралардың жаздық жұмсақ бидай сорттарының өнімділігі мен құрғақшылыққа төзімділігін арттыруға айтарлықтай ықпалы болатындығы дәлелденді.

Қорытынды. Алынған нәтижелер негізінде бидай тұқымын кешенді препаратпен өңдеу, егістікті түптену кезеңінде үстеме қоректендіру және тұқым сепкеннен соң топырақты тығыздау және түптену кезеңінде тырмалау жұмыстары негізгі астық өндіруші аймақ болып табылатын Орталық және Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы жағдайында қолдану ұсынылды.

Загрузки

Опубликован

2025-06-30