І. ЕСЕНБЕРЛИННІҢ ТАРИХИ ТАҚЫРЫПТАҒЫ РОМАНДАРЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ
Ключевые слова:
тарихи роман, тарихи шындық, ақиқат, философиялық ұғыну, тарихи психологизм, тарихи қайраткерлер, тарихи факт, шежіре, тарихи жазба деректер, тарихи кезең, психологиялық талдауАннотация
Мақалада қазақ халқының тарихы – сол кезеңнің тарихи, әлеуметтік, саяси және әлеуметтік контекстін бейнелейтін хан дәуірінің тарихи оқиғалары сипатталады. І. Есенберлин тарихи романдар жаза отырып, қазақ романистикасын өз ізденістерімен байытып қана қоймай, әдебиетке жаңа леп, тарихи дәуірлерге қалам тартуда тың көзқарас әкелді. Тарихи кезең туралы әдеби шығарма жазған алғашқы жазушы болды. І. Есенберлиннің романдары жарыққа шыққаннан кейін тарихи тақырыпқа осы бағытта ондаған романдар жазылды. Автор Ілияс Есенберлин шығармашылығы арқылы қаламгер
романдарының көпшілік бұқара санасын оятудағы рөлін талдап түсіндіреді. Сондай-ақ жазушының өз романдарындағы уақыт кеңістігі – Алтын Орда кезеңінен қазақтың хандық дәуірі аяқталғанға дейінгі қоғамдық жағдайы мен саяси картинасын бейнелеудегі шығармашылығы мен қолтаңбасын айқындайды. Шығaрмaдaғы көркем қиял мен тaрихи шындықтың aрaқaтынacы мәcелеcіне баса нaзaр aудaрылған. Қиял мен шындықтың әдебиеттегі рөлін, жaнрдың типологиялық белгілерін aнықтaудaғы қызметін ашып көрсеткен.