ҚОЗЫ ТЕСТИКУЛАСЫНАН АЛЫНҒАН КЛОНДЫҚ ЖАСУША ӨСІНДІЛЕРІНІҢ ТҮЙІНДІ ДЕРМАТИТ ВИРУСЫНА СЕЗІМТАЛДЫЛЫҒЫ

Авторы

  • Б.Ш.Мырзахметова, Л.Б.Кутумбетов, А.К.Наханов, М.Азанбекова, М.Б.Орынбаев, К.Т.Султанкулова

Ключевые слова:

түйінді дерматит вирусы, жасуша өсіндісі, көбею, сезімталдық, клон, пассаж, цитопатогенділік, алғашқы жасуша өсіндісі, дамылсыз өсетін жасуша өсіндісі, титр

Аннотация

Мақалада әртүрлі жасуша өсінділерінің нодулярлы дерматит вирусына сезімталдығын зерттеу нәтижелері келтірілген. Биологиялық модель ретінде қозының бүйрек және аталық безінен алынған алғашқы жасушалар өсінділерін, осы жасуша өсінділерінің пассажды субпопуляцияларын және дамылсыз өсетін TT, MDBK, BHK-21, СПЭВ, Vero жасушалық өсінділерін
қолдандық. Тексерілген жасуша өсінділерінің ішінде нодулярлы дерматит вирусына алғашқы, пассивті субкультура және клондық нұсқалар түрінде қозылардың жасушалық ұлпаларынан алынған жасуша өсінділері ерекше
сезімтал болды. Жасалынған жұмыс нәтижелері бойынша қозының аталық безінен алынған алғашқы жасушалар өсінділерінің сезімталдық деңгейі репродуктивті вируспен диагностикалық зерттеу жүргізілген жағдайда молекулалық-генетикалық тестілеу әдісінің индикаторлық белсенділігіне жақын. Қозының аталық безінен алынған алғашқы жасушалар өсінділері, сонымен қатар, нодулярлы дерматит қоздырғышының вирустық бөлшектеріне қатысты жоғары өнімділікке ие. Сандық тұрғыдан алғанда нодулярлы дерматит вирусына дамылсыз өсетін ТТ жасуша линиясының сезімталдығы 76,5%, ал ірі қара малдың бүйрек тінінен шығатын MDBK жасушаларының өсіндісі 35,3% құрады. BHK-21, СПЭВ, Vero сияқты дамылсыз өсетін жасуша өсінділері нодулярлы дерматит вирусына сезімталдықты көрсеткен жоқ.

Загрузки

Опубликован

2021-05-19