ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА КАРТОПТЫҢ АЛЬТЕРНАРИОЗ АУРУЫНА ҚАРСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ФУНГИЦИДТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ
Ключевые слова:
картоп альтернариозы, alternaria, фунгицидтер, манкоцеб, диметоморф, пираклостробин, боскалид, биологиялық тиімділік, шаруашылық тиімділік, қосымша өнім.Аннотация
2019 жылдың вегетация кезеңі жағдайында Орталық Қазақстанның қоңыржай құрғақ жылы қыратты жазық дала зонасы қара қоңыр топырағында («Найдоровское» ЖШС) картоптың Удача сорты танабынан іріктелген залалданған картоп жапырақтарын іріктеу және талдауы нәтижесінде картоп альтернариозы қоздырғыштары Alternaria solani және Alternaria alternate анықталды. Биологиялық және шаруашылық тиімділігі бойынша пираклостробин әсер етуші заты бар, 128 г/кг + боскалид, 252 г/кг, с.д.г. (0,3 кг/га) фунгициді манкоцеб ә.е. заты бар, 600 г/кг + диметоморф, 90 г/кг; в.д.г. (2 кг/га) фунгицидіне қарағанда жоғары тиімділік көрсетті. 2019 жыл жағдайында бір рет өңдеу кезінде картоптың қосымша түйнектер өнімі фунгицидті бір рет өңдеуде (2,0-3,4 т/га) ЕТА (3,7) шегінде болды. Пираклостробин, 128 г/кг + боскалид, 252 г/кг, с.д.г. (0,3 кг/га) препаратын екі рет қолдану (10 күннен кейін 89,0% және 18-20 күннен кейін 79,3% сәйкесінше) жоғарғы тиімділікті қамтамасыз етті және 4,9 т/га қосымша өнім алынды.