ЕРКЕК ТОҚТЫЛАРДЫЖАЙЫП СЕМІРТУ ЖӘНЕ ҰШАЛАРЫНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Ключевые слова:
жайып семірту, қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы, тірілей салмағы, еркек қозылар, құрамажем, қозы еті, абсолюттік өсімі, орташа тәуліктік өсімі, ұша құрамы, ұша кесіндісі.Аннотация
Мақалада қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы еркек тоқтыларын жайып семіртудің нәтижелері және ұшаларының морфологиялық құрамы келтірілген. Зерттеу нысаны ретінде жоғарыда аталған қой тұқымының еркек тоқтыларынан құралған үш тобы алынды. Бірінші тәжірибелік топты қосымша азықтандыру ретінде құрамажем берілсе, екінші тәжірибелік топқа астық дақылдары қалдықтары, ал үшінші бақылау тобы қосымша азықтандырылмай тек жайып семіртілді. Жайып семіртудің басында тәжірибедегі еркек тоқтылардың тірілей салмағы 29,0-29,5 кг аралығында болса, ал жайып семіртудің соңында 39,8-38,7 кг шамасында болды. Бұл ретте жайып семірту кезеңінде тәжірибедегі еркек тоқтылардың абсолюттік өсімі 9,21 және 10,7 кг құрап, орташа тәуліктік өсімі 178,3 және 153,5 грамм аралығында болды. Ұшаның салмағы бойынша қосымша азықтандырылған еркек тоқтылар құйрығымен және құйрықсызда қосымша жем алмаған қатарластарынан сәйкесінше 5,3 - 6,9% және 5,6 - 7,1% - ға басым түсті.