СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘРТҮРЛІ ТИПТІ ТОПЫРАҚТАРЫНАН БӨЛІП АЛЫНҒАН АКТИНОМИЦЕТТЕРДІҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ

Авторы

  • А.П.Науанова , Д.М. Ерпашева , Г.С. Шахабаева , А.Е. Ермеков

Ключевые слова:

уға қолданылады. Кілт сөздер: актиномицеттер, ауыл шаруашылығы дақылдары, целлюлозалық белсенділігі, топырақ микроағзалары 16SrRNA геномдық талдау.

Аннотация

Солтүстік Қазақстан топырақтарынан бөліп алынған актиномицеттердің алуан түрлігі зертелген. Солтүстік Қазақстан топырақтарынан бөліп алынған көптеген актиномицеттерге табиғи жағдайда целлюлозалық белсенділік тән.
Целлюлозалық белсенділігі және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өсуді ынталандыру бойынша іріктеп алынған 19 актиномицет штамдарына геномдық талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Солтүстік Қазақстан топырақтарында Streptomyces туысына жататын актиномицеттердің басым екені анықталды. Сортаң топырақтарда S. cirratus, S. parvus және S. хantholiticus сияқты түрлер таралса; қоңыр-қара топырақта - S. sindenensis, S. microsporus, S. badius, S. pratensis, S. staurosporininus, S. griseus; қара топырақтарда - S.ambofaciens, S. auratus, S. natalensis и S. platensis таралғаны анықталды.
Бөлініп алынған актиномицет штамдары топырақтағы өсімдік қалдықтырын ыдыратып, оның құнарлығын арттыруда пайдаланылатын биопрепараттар жасауға қолданылады

Загрузки

Опубликован

2021-05-19