СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРМАН ТӘЛІМБАҚТАРЫНДА КӘДІМГІ ҚАРАҒАЙДЫҢ ЕКПЕ КӨШЕТТЕРІН МИКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • Вибе Е.П., МеркельК.А., Дәулетбаев А.А.

Ключевые слова:

орман тәлімбағы, екпе көшет, кәдімгі қарағай, микологиялық әдіс, саңырауқұлақтар, тек, микроскопиялық құрылым, қоздырғыштар, жұқпалы жатып қалу.

Аннотация

Мақалада солтүстік Қазақстанда (Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары) орналасқан орман тәлімбақтарындағы кәдімгі қарағай екпе көшеттерінің микологиясын зерттеудің негізгі нәтижелері келтірілген. Тәлімбақтарды тексеру 2019 жылы жүргізілді, нәтижесінде ауру белгілері бар өсімдіктердің үлгілерін зертханаға жеткізіп, онда қоздырғыштарды анықтау жүргізілді. Өскіндер мен екпе көшеттердің жұқпалы жатып қалуы Fusarium және Alternaria текті фитопатогенді саңырауқұлақтардан пайда болады. «Ертіс орманы» МОТР тәлімбағынан әкелінген зақымданған көшеттерде
бірең-сараң кладоспориоз тудыратын Cladosporium тегінің саңырауқұлақтары анықталды. Зерттелген тәлімбақтардың барлығында дерлік ауру екпе көшеттерде патогенді және сапротрофты тіршілік ететін, тамыр эндофиті болып табылатын Phialocephala тектес саңырауқұлақтың мицелиясы айқындалды. Екпе көшеттердің жұқпалы ауруы кешенді сипатқа ие, себебі
бір екпе көшеттен қоздырғыштардың бірнеше түрі бөлініп алынды. Саңырауқұлақ патогендері кешенінің кездесуі 16,7-ден 29,2%-ға дейін өзгереді. Көбінесе екпе көшеттердің нематодтармен және саңырауқұлақ патогендерімен бірге зақымдану жағдайлары байқалады. Өсімдіктің қосымша микрофлорасы келесі текті саңырауқұлақтардан тұрады: Мисог, Rhizopus, Asrergillus, Penicillium, Chaelomium.

Опубликован

2021-05-19