БАЛАПАНДАРДЫҢ ЭМБРИОНАЛДЫ ДАМУЫНЫҢ ЖҰМЫРТҚАЛАРДЫ ИНКУБАЦИЯ АЛДЫНДАҒЫ САҚТАУ МЕРЗІМДЕРІМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Ключевые слова:
инкубация, шығару, ұрықтану, эмбрион, инкубациялық жұмыртқаларды сақтау мерзімі, эмбриогенез, биологиялық бақылау, овоскоптау, тәуліктік балапандарды бағалау.Аннотация
Мақалада балапандардың эмбрионалды дамуының жұмыртқаларды инкубация алдындағы сақтау мерзімдерімен өзара байланысы бойынша мәселелері қарастырылып авторлар келесі нәтижеге келді. Жүргізілген зерттеулерде авторлардың айтуынша, инкубациялық жұмыртқаларды сақтау мерзімі ұлғайған кезде тәуліктік балапандар шығымының төмендеуі байқалады.Егер инкубацияның басталуы мен жұмыртқа салу арасындағы үзіліс 5 тәулік болса, онда шығарылу жақсы
нәтиже көрсетті - 87,2%, 9 тәулікте 5 тәулікке қарағанда 6% – ға төмен, егер инкубацияның басталуы мен жұмыртқа салу арасындағы үзіліс-18 тәулік болса, онда шығарылуы 5 тәулік сақтағанға қарағанда 20,2% - ға төмендеді. Сондай-ақ ұзақ сақтауда инкубация қалдықтарының ұлғаюы байқалады, яғни, 18-тәулік сақтауда-33%, бұл жұмыртқаны 5 тәулік сақтауға қарағанда 15% артық. Осылайша, эмбриондардың өлім-жітімін азайту, шығарылуын арттыру, дені сау балапан алу және балапандардың эмбрионалды дамуын жақсарту мақсатында 5 тәуліктен аспайтын мерзімге инкубациялық жұмыртқаларды
сақтау ұсынылады.