АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТАЙЫНШАЛАРДЫҢ ӨСУІМЕН ДАМУЫ
Ключевые слова:
қара-ала тұқымы, тірілей салмағы, абсолюттік өсім, орта-ша тәуліктік өсім, салыстырмалы өсім, дене өлшемдері, экстерьер, индекс.Аннотация
Мақалада малдың дене бітімі, индекс өлшемдері мен сыртқы түрі келтірілген. Жас тайыншаларды өсіру технологиясы шаруашылық ішінде жүзеге асырылды және шартты түрде үш кезеңге бөлінді: 1 кезең - 6 ай жас тайыншалар; 2 кезең - 12 ай; 3 кезең - 18 ай. Зерттеу нысаны ретінде Ақмола облысы «Камышенка» ЖШС сүтті-тауарлы шаруашылықта өсірілетін
тайыншалары алынған. Қара-ала тұқымының 6, 12, 18 айлық тайыншаларының өсуі, дамуы, экстерьерлік ерекшеліктері зерттелінді. Жас төлдердің өсу заңдылығы мен дамуы тәжірибеде көп мағынасы бар, сондықтан малды бағыттап өсіруін жүр-гізуге көмектеседі. Тайыншалардың өсуі мен дамуына салыстырмалы талдау жүргізілді. Сал-мақ өсу динамикасы бағаланып, өсу кезеңдерінде орташа тәуліктік, абсолютті және салыстырмалы өсу есептелінді. Мал өсірудегі
айырмашылықтар өсіру орнына байланысты анықталды. Жас малды қалпына келтірудің өсуін жоспар-лаудың негізгі міндеті шаруашылықта ұзақ уақыт бойы өнім өндіре алатын мықты және дені сау, жақсы дамыған тайыншаларды өсіру.