АБЕРДИН-АНГУС ТҰҚЫМЫНЫҢ ҮШІНШІ ГЕНЕРАЦИЯ ҰРҒАШЫ БҰЗАУЛАРЫНЫҢ ӨСІП-ЖЕТІЛУІ ЖӘНЕ ЖЕРСІНУІ

Авторы

  • Т.И.Кульмагамбетов, Ж.Е.Титанов, М.К.Абдоллаев, Н.Қ. Әкімжан

Ключевые слова:

физиологиялық бейімделу, канадалық селекция, еуропалық селекция, өсіп-жетілу, үшінші генерация, абердин-ангус тұқымы, нормотрофик, гипотрофик, катобализм коэффициенті

Аннотация

Мақалада Солтүстік Қазақстан облысының "Жолдасбай-Агро" ФШ жағдайында абердин-ангус тұқымы үшінші генерация ұрғашы бұзауларының бейімделуі мен өсіп-жетілуі бойынша зерттеу материалдары баяндалған. Зерттеу нәтижелері бойынша жаңа туған бұзаулардың клиникалық белгілерінің жиынтығы бойынша канадалық селекцияның абердин-ангус
тұқымының бұзауларында антенаталдық гипотрофияның даму жиілігі 12,3%-ды, ал еуропалық бұзауларда – 8,7%-ды құрады. Төлдердің өсу қарқындылығы бойынша еуропалық селекция жолымен алынған үшінші буын ұрғашы ұрпақтары 3 айлық жасқа дейінгі салыстырмалы өсу қарқындылығы канадалық селекция жолымен алынған қатарластарынан 3,9 кг (р<0,05) басымдық танытты, ал 3 айдан 6 айға және 6 айдан 8 айға дейінгі кезеңде керісінше канадалық селекция жолымен алынған ұрғашы ұрпақтары еуропалық қатарластарынан тиісінше 3,8 кг және 6,5 кг (р<0,01) жоғары болатынын көрсетті.

Загрузки

Опубликован

2021-05-19