ЕСІЛ ӨЗЕҢІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫ
Ключевые слова:
Есіл өзеңі, балық популяциясының өлшемдік құрылымы, абсолюттік-жеке өсімталдық, кәсіптік балықтар, жыныстық арақатынасыАннотация
Бұл мақалада Есіл өзеңінің ихтиофаунасының қазіргі жағдайы зерттелді.Қазақстанның шекарасында Есіл өзеңінде 19 түр, оның ішінде 14 аборигенді, 5 акклиматизант болып анықталды. 19 түрден 11 түрі кәсіптік маңызы бар балықтар, оның ішінде торта, кәдімгі алабұға, тыран және кәдімгі шортан кең таралған. Зерттелген балықтардың популяциясының өлшемдік құрылымы сонғы жылдар аса өзгерістергі ұшырамаған, бірақ торта мен кәдімгі алабұғаның популяциясында 8+, 9+ жасар балықтар байқалады. Жыныстық арақатынасында барлық балықтарда аналық басым болғандығы анықталды. Абсолюттік-жеке өсімталдығы кең ауқымда ауытқиды, ол тортада – 3,96-95,4 мың уылдырық, тыранда – 4,98-139,41 мың уылдырық, кәдімгі шортанда – 3,16-29,84 мың уылдырық, кәдімгі алабұғада 4,01-41,16мың уылдырық, оңғақта – 38,42- 216,3мың уылдырық сәйкесінше. Кең таралған балықтардың биологиялық сипаттамасы бойынша өсу қарқыны төмен болып анықталды. Бірақ олардың популяциясының жағдайы бір қалыпты.