ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙ ӨНІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫН ҚАШЫҚТЫҚТАН МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

Авторы

  • Б.О. Амантаев , К.К. Айтуганов, Г.Ж. Стыбаев , Е.М. Кульжабаев

Ключевые слова:

жаздық жұмсақ бидай, қашықтықтан мониторинг, зондтау, қалыпты вегетациялық индексі, өсіп-даму кезеңдері, фотосинтетикалық әрекет, өнімділік.

Аннотация

Бұл мақалада Солтүстік Қазақстан жағдайында жаздық бидайдың негізгі өсіп-даму кезеңдеріндегі өсімдік тығыздығының өзгеруі, өсіп-даму кезеңдеріндегі фотоситетикалық әрекетінің негізгі көрсеткіштерінің өзгеру сипаттары мен жер серіктерінің орташа қашықтықтағы түсірілім нәтижесінен алынған дақылдың мөлшерленген өсіп-даму индексінің (NDVI) динамикасы, жаздық бидайдың биологиялық өнімділігі мен әртүрлі кезеңаралықтардағы танаптың NDVI көрсеткіштері арасындағы байланыстың болатындығы көрсетіліп, танаптың біртекті болмауы, өсімдік тығыздығының әртүрлі болуы
(278,52-312,27 дана/м2), өнімнің біркелкі піспеуі дәлелденген. Қашықтықтан жүргізілген мониторинг нәтижесіне сүйене отырып, жаздық жұмсақ бидай дақылын өсіру барысында агротехникалық шараларға тиісті түзетулерді жедел енгізу мәселесі, танаптың жасылдану индексініңдинамикасы келтіріліп, танап өнімділігінің біртекті болмауы себебінен нақты
өнімділіктің ауытқуы бір танап көлемінде 204 пайызға дейінгі айырмашылыққа алып келетіндігі көрсетілген.

Загрузки

Опубликован

2021-06-21