ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМДЫ БҰҚАШЫҚТАРЫНЫҢ РАЦИОНЫНДАҒЫ ПРОТЕИН ДЕҢГЕЙІНІҢ ОЛАРДЫҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНА ӘСЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.2(121).1684Ключевые слова:
азықтандыру; бұқашықтар; шикі протеин; орташа тәуліктік өсім; абсолюттік өсім; азықты конверсиялау коэффициенті; қазақтың ақбас тұқымы.Аннотация
Бұл мақалада төмен сапалы ірі азықты рационға протеин қосу арқылы ірі қара малдың азықты тұтынуы мен өнімділігін жақсарту бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Тәжірибе жүргізу үшін 8 айлық қазақтың ақбас тұқымды 21 бас бұқашықтары іріктелді. Сынақ аяқталғаннан кейін бұқашықтардың жасы 12 ай болды. Бұл зерттеулер рациондағы протеин деңгейінің қазақтың ақбас тұқымды бұқашықтарының өсуі мен дамуына әсерін анықтау мақсатында жүргізілді. Зерттеу барысында рационға 15% протеині бар 2 топтың 5,77 кг құрғақ затты тұтынғаны анықталды, ал 1-ші және 3 топтар, сәйкесінше 7,39 және 6,63 кг құрғақ затты тұтынды, яғни 2-топпен салыстырғанда 1,62 және 0,86 кг жоғары. Құрғақ затты тұтыну сияқты, 2-топтағы орташа тәуліктік өсім (1,14 кг), яғни 1-топтан 0,34 кг жоғары және 3-топтан 0,12 кг төмен болды.