ЖАЗДЫҚ БИДАЙДЫҢ ТҰҚЫМ САПАСЫНА ЖӘНЕ ӨНІМДІЛІГІНЕ ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘСЕРІ

Авторы

  • Акшалов К.А. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы
  • Әуесханов Д.Ә. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы
  • Кужинов М.Ж. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы
  • Баймуканова О.Н. ЖСШ "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы"

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.1(108).165

Ключевые слова:

No-till жүйесі, топырақ эрозиясы, топырақтың көлемдік массасы, өнімді ылғал, минимальды топырақ өңдеу жүйесі, сүрі танап, дән уызы мөлшері.

Аннотация

Мақалада жаздық бидайдың тұқым сапасына, өнімділігіне және Солтүстік Қазақстанның агроэкологиялық аймақтарында жаздық бидай өсірудің экономикалық орындылығына әр түрлі топырақ өңдеу жүйелерінің әсерін зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрсетілген. Мақалада баяндалған зерттеу жұмыстары А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының көпжылдық станционарлы танап тәжірибесінде оңтүстіктің карбонатты қара топырағы және Қостанай облысы, Қарабалық тәжірибелік станциясыортақарашірінді қара топырақ жағдайларында жүргізілді. Нарықтық қатынастардың дамуымен, топырақ құнарлығының төмендеуіне және климаттың өзгеруінің болжамына қатысты алаңдаушылықты ескеретін аграрлық жүйелер қазіргі уақытта ел аймақтарында қарқынды дамуда: өсімдік шаруашылығын әртараптандыру, ресурстарды үнемдейтін топырақты өңдеу жүйелері (топырақты өңдеудің No-Till жүйесі, топырақтың минималды немесе қысқартылған өңдеу жүйесі).Осыған орай, мұндай зерттеулердіңқажеттілігі де айқындала түсті және бұл зерттеу жұмысының маңыздылығы жаздық бидайдың өнімділігі әлеуетін және тұқым сапасын бағалаудың сонымен қатар No-Till, минималды және дәстүрлі топырақ өңдеу жүйесіндегі жаздық бидайдың даму биологиясын және Солтүстік Қазақстанның әртүрлі агроэкологиялық аймақтарында жаздық бидай өсірудің экономикалық тиімділігіне топырақ өңдеу жүйелерінің әсерін ескере отырып зерттелуінде жатыр.

Загрузки

Опубликован

2021-05-19