ШАЙҚОРЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ШАЛҒЫНДЫ БОЗ ТОПЫРАҒЫНЫҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУ ДӘРЕЖЕСІН БАҒАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.1(108).163Ключевые слова:
нитратты азот, фосфор, калий, ауыр металдар, топырақтың ластануының жиынтық көрсеткіші, жиналуын бағалау, шекті рауал концентрациясыАннотация
Мақаладаірі өндіріс ошақтары орналасқан Тараз қаласынаіргелес жатқан Шайқорық елді мекенінің шалғынды боз топырағының ауыр металдардың (Pb, Cu, Zn) жалпы және жылжымалы мөлшерімен ластану дәрежесін бағалау бойынша зерттеу нәтижелері берілген. Техногенді таралу жолымен түскен ауыр металдар топырақтың химиялық құрамының өзгеруіне алып келген, бұл өз кезегінде топырақтың негізгі құнарлылық көрсеткіштеріне теріс ықпалын тигізеді де, топырақтың өзін-өзі тазарту қабілетін нашарлатып, тозуына алып келеді. Ластану ошақтарына жақын жатқан аумақ топырақтарындағыауыр металдардың мөлшерірұқсат етілген шекті деңгейінен біршама артқан.Қауіптілік коэффициентінің мәндері бойынша қорғасын мен мыстың жылжымалы мөлшерінің топырақтағы шоғырлануы көтеріңкі және орташа аралықты қамтыды. Ластану дәрежесінің жиынтық көрсеткіші бойынша шалғынды боз топырақтар рұқсат етілген ластану санатына жатады.