АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАРА ЖЕМІСТІ ЫРҒАЙ (COTONEASTER MELANOCARPUS FISCH. EX. BLYTT.) ЖЕМІСТЕРІНДЕГІ С ДӘРУМЕНІНІҢ ҚҰРАМЫ

Авторы

  • Сәрсекова Д. Н. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Айшуқ Е. Ж. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Sezai Ercişli Ататүрік университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.1(120).1614

Ключевые слова:

қара жемісті ырғай; С дәрумені (аскорбин қышқылы); ағаш өсімдіктері; титро- метрия; биофармация.

Аннотация

Бұл мақалада қара жемісті ырғайдың (Cotoneaster melanocarpus Fisch. ex. Blytt.) С дәрумені (аскорбин қышқылы) бойынша фармакологиялық құндылығы туралы зерттеу ұсынылған. Жемістер 2022 жылдың жазы мен күзінде Көкшетау (Зеренді ауылы) және Бурабай (Щучинск) мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарында жиналды. Химиялық талдау «Болашақ сарайы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның биотехнологиялық зертханасында титриметрия әдісімен жүргізілді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қара жемісті ырғайдың жемістеріндегі аскорбин қышқылының мөлшеріне қара жемісті ырғайдың орналасуының географиялық факторы және жинау уақыты әсер етеді. Шикізаттағы С дәруменінің максималды жинақталуы тамыз айының аяғында, қыркүйектің басында жетеді. С дәруменіне ең байы Ақмола облысының солтүстік бөлігінде, Зеренді кентінде, Щучье қаласында жиналған шикізат - 0,24%, ал дәріханалардан сатып алынған қара жемісті ырғайдың жемістерінде ол небәрі 0,14% құрады. Ағаштар мен бұталардың жемістеріндегі С дәруменінің салыстырмалы талдауы 90 мг/100 грамм аскорбин қышқылының мөлшері бойынша қара жемісті ырғай көшбасшылар қатарында екенін көрсетті. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, ағаш-бұта өсімдігінің көбеюі - қара жемісті ырғай (Cotoneaster melanocarpus Fisch. ex. Blytt.) экономикалық мақсаттарда үлкен маңызға ие және оның жемістерін пайдалану фармакологияда кеңінен қолданыла алады.

Загрузки

Опубликован

2024-03-26