ЭЛЕКТРЛІК СИГНАЛДАРДЫ САНДЫҚ ӘДІСТЕР КӨМЕГІМЕН СПЕКТРЛІК ТАЛДАУ

Авторы

  • Мукушев Б.А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.1(108).161

Ключевые слова:

Спектрлік талдау, гармониялық тербелістер, периодты және периодты емес сигналдар, электрлік импульс, сандық әдістер, Mathcad қолданбалы программалар пакеті, спектрлік тығыздық.

Аннотация

Мақалада электрлік сигналдарды спектрлік талдау нәтижелері баяндалған. Спектрлік талдау сандық әдістер көмегімен іске асқан. Тікбұрышты импульстардың периодты тізбегі (ТИПТ) Mathcad қолданбалы программалар пакеті көмегімен зерттелген. Сигналдарды спектрлік талдау арқылы амплитудалық және фазалық диаграммалар алынған. Электрлік импульстардың спектрлік тығыздықтарын сандық әдістермен есептеу жолдары анықталған. Гармониялық электрлік сигналдардың графикалық суреттемесі және Фурье қатарына жіктелуі берілген. Электрлік сигналдардың спектрін салу кезіндегі ерекшеліктер жан-жақты зерделенді. Сигналдарды желі бойымен тасымалдау кезінде олардың параметрлерінің өзгеріске ұшарау құбылысы ашылды. Амплитудалардың спектрлік диаграммасы және оның амплитудалары мен жиіліктері арқылы сипатталатын сигналды құраушылар зерттелді. Фазалардың спектрлік диаграммасындағы фазалар мен жиіліктер арқылы сипатталатын сигналды құраушылар сандық әдістер және графиктер көмегімен қарастырылды.

Загрузки

Опубликован

2021-05-24