МАЙБҰРШАҚТЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ӘРТҮРЛІ СОРТТАРЫНЫҢ СУЫҚҚА ТӨЗІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Авторы

  • Кипшакбаева Г. А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Рысбекова А. Б. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Әшірбекова І. Ә. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Тлеулина З. Т. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Кадринов М. Х. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Амантаев Б. О. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Кипшакбаева А. А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.1(120).1602

Ключевые слова:

майбұршақ; суыққа төзімділік; сорттар; генқоры; скрининг.

Аннотация

Майбұршақтың шығу тегі әртүрлі коллекциясынан суыққа төзімді сорттарды іріктеу мақсатында зертханалық тәжірибе жүргізілді. Бақылау нұсқалары термостатта 25±1 ºС температурада өсірілді, ал тәжірибе нұсқалары 5 күн бойы 10±1 ºС төменгі оң температурамен әсер етілгеннен кейін термостатқа ауыстырылды және төрт күн бойы бақылау нұсқасымен бірге көктетілді, нәтижесінде майбұршақ сорттарының суыққа төзімділігі мен суыққа сезімталдығы бағаланды. Зертханалық жағдайдағы төменгі оң температураға төзімділік белгісінің скринингі нәтижесінде зерттелген майбұршақ коллекциясының оң төмен температураға әсері анықталды. Beidou 47 сорты бақылау нұсқасында тұқымның 96% - дық жақсы өнгіштігін көрсетті және үшінші күні жоғары өну күшімен сипатталды, ал тәжірибе нұсқаларында өскіндер кешірек пайда болды. Майбұршақ сорттарының өнгіштігіне температура режимінен басқа да көптеген факторлардың әсер ететіні анықталды. Майбұршақтың шығу тегі әртүрлі коллекциясынның суыққа төзімділігі мен суыққа сезімталдығының зертханалық скринингі Солтүстік Қазақстан жағдайында дақылдың өсіп - даму кезінде жиі туындайтын төмен оң температураға төзімділігі ақпарат ретінде, селекциялық жұмыстардың іс-тәжірибесіне пайдалануға ұсынылатын бірқатар сорт үлгілерін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде Kendou 61 (Қытай), Beidou 47 (Қытай), № 78 (Қазақстан), № 57 (Қазақстан), № 83 (Қазақстан), № 113 (Қазақстан), № 114 (Қазақстан), К-0124 (Қазақстан) және К-0129 (Қазақстан) генотиптері суыққа ең төзімді деп анықталды.

Загрузки

Опубликован

2024-03-26