ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙ ГИБРИДТЕРІНІҢ САНДЫҚ БЕЛГІЛЕРІН ТҰҚЫМ ҚУАЛАУ

Авторы

  • Л.П. Зотова
  • С.А. Джатаев
  • Н.Е. Шамамбаева

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2020.3(106).16

Аннотация

Түйін
Танаптық сынақтар, сандық белгілердің тұқымқуалау талдауы және молекулалық-генетикалық скрининг негізінде ең жақсы гибридті
комбинациялары анықталды. Ата-аналық формалардан басымдылық дәрежесі бойынша ең үздік комбинациялар ретінде ♀Акмола 2 × ♂Омская 30, ♀H749-4 × ♂Акмола 2, ♀Br.Line-Z2 × ♂Саратовская 60, ♀Br.Line-Z2 × ♂Карагандинская
31,♀Алтайская жница × ♂Br.Line-Z2, ♀MMF177 × ♂Алтайская жница бөлініп алынды. Берілген гибридтерде, яғни ♀Br.Line-Z2 × ♂Карагандинская 31 комбинациясындағы толық емес басымдылықты қоспағанда, 1000 тұқым массасы және масақтағы дән саны бойынша ата-аналық формалардан 100% аса басымдылық байқалды.
Трансгрессивті бөлінуді зерттеу нәтижесінде F2 гибридтері анықталды: Карагандинская 70 × Line-20, Шортандинская 95 × Омская 30. F2 гибридтерінің екі комбинациясы өнімді түптену көрсеткіші бойынша нашар тұқым қуашылықтың оң трансгрессиясын көрсетті: Карагандинская 70 × ♂ Line-20 комбинациясында ата-аналық формаларға қарағанда оң трансгрессия 12,5%, Карабалыкская 92 × Br.Line-S27 - 100%. Актюбинка × Н1142 комбинациясында өнімділік белгілерінің тұқым қуалаушылығы әлсіз белгісі
анықталды. Дәнділік пен масақ дәнінің массасы бойынша трансгрессивті бөліну барлық комбинацияларда бірдей болды.Екі жағдайда да ең сәтті гибридті комбинациялар♀Карабалыкская 92 × ♂Br.Line-S27дәнділік бойынша көбірек трансгрессиясы (52,9%) мен ♀Карагандинская 70 × ♂ Line-20 масақтағы дән массасы бойынша трансгрессиясы болып табылды. TaDr1геніне арналған KATU W-51 маркері бойынша скрининг нәтижесінде Терция × Br.Line-Z3, Шортандинская 95 ул. × Br.Line-F45, Шортандинская 95 × H1142-1 комбинациялар ерекшеленді. Гибридологиялық, селекциялық-генетикалық анализді және молекулалық скринингті қолдану арқылы кешенді іріктеу барысында өнімділіктің негізгі көрсеткіштері бойынша оң трансгрессиясы бар ең үздік гибридті♀Карабалыкская 92 × ♂Br. Line-S27 анықтауға мүмкіндік берді. Кілттік сөздер: Селекция, жаздық бидай, ген, гибрид, құрғақшылық, аса басымдылық, трансгрессивті бөліну, генотиптеу, іріктеу.

Биографии авторов

Л.П. Зотова

PhD, аға оқытушы

С.А. Джатаев

б.ғ.к., аға оқытушы

Н.Е. Шамамбаева

магистрант

Загрузки

Опубликован

2020-09-01