CОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҒДАЙЫНДА ТАРЛАУ ҚИЯҚТЫҢ (ҚИЯҚТЫҢ) ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.1(108).156Ключевые слова:
тарлау қияқ, сорт, селекция, күрделібудандық популяция, жайылымдық масса, құрғақ зат, тұқым өнімділігі, жемазық құнарлығы, балғын шөп өсуі, жайылымға төзімділік.Аннотация
Солтүстік Қазақстан жағдайында тарлау қияқтың конкурстық сорт сынау көшетінде перспективті күрделі буданды жеке турді (КБЖТ) зерттеу нәтижелері келтірілген. Тарлаудың күрделі буданды жеке турлері құңды шаруашылық белгілері бойынша зерттелді: биіктігі, жайылымдық масса өнімділігі, тұқым өнімділігі, көктемде өсу қарқындылығы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, өсімдіктің даму қуаты, құрғақшылыққа төзімділігі, қысқа тұрақтылығымен, малазық сапасы (шикi aқуыз мөлшepi, шикi жacүнық мөлшepi, шикі күл, шикі май, сіңімді ақуыз %, азық бірлігі кг/кг) және басқа. Құңды-шаруашылық белгілер кешеңі мен биологиялық қасиеттері бойынша КБЖТ-К-0220 ерекшеленді, ол МСС-ға жаңа сорт ретінде Фарадиз атауымен жіберілді. Мемлекеттік сынау нәтижелері бойынша 2018 жылдан бастап тарлау қияқтың Фарадиз сорты Қазақстан Республикасының Селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілді және Ақмола және Павлодар облыстары бойынша өндіріске пайдалануға жіберілді.