«СОЛ ТҮНІ ӨЗЕН КӨПТЕГЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАР МЕН ҚАЙҒЫ- ҚАСІРЕТТІ ТУДЫРДЫ...»: 1921 ЖЫЛҒЫ АЛМАТЫДАҒЫ ТАБИҒИ АПАТ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІК

Авторы

  • Алпысбаева Г.А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.1(108).152

Ключевые слова:

сел тасқыны, табиғи апат, мұрағаттар, ретроспективті дереккөздер, куәгерлердің естеліктері, Алматы өңірі, революциялық комитет.

Аннотация

Мақалада 1921 жылдың шілде айында Алматы қаласында орын алған ең ірі аймақтық табиғи апаттарды зерттеу бойынша дереккөздердің жүйелендірілген кешені: жергілікті басқару органдарының нормативтік- құқықтық актілері, комиссиялардың мәліметтері мен есептері; табиғи апат ошақтарын зерттеу және оның себептерін анықтау бойынша ғылыми экспедициялардың баяндамалары; жеке шығу тегі туралы дереккөздер ұсынылған. Дереккөздердің сан түрлілігі және нақтылық деңгейі сипатталады. Дереккөздерге сәйкес табиғи апаттың толық көрінісін қалпына келтіруге болады: апатқа әкелген табиғи және антропогендік факторлардың жиынтығы; қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны; қираудың сипаты мен ауқымы; келтірілген материалдық және моральдық зиянның мөлшері, зардап шеккендерге көмек көрсету және аймақтағы табиғи апаттың салдарын жеңу бойынша кеңес органдарының әрекеттері. Дереккөздер орталықтан материалдық және ұйымдастырушылық қолдау болмаған жағдайда жергілікті биліктің іс-әрекеттерінің тиімділігі мен ұйымдастырылуын көрсетеді. Құтқару қызметтері әлі қалыптаспағанына және жергілікті басшылардың халыққа көмек көрсету тәжірибесі болмағанына қарамастан, жойқын сел мен су тасқыны салдарын салыстырмалы түрде қысқа мерзімде еңсеруге қол жеткізілді.

Загрузки

Опубликован

2021-05-24