МАУСЫМДЫҚ ЖАЙЫЛЫМ АЙНАЛЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ БИЯЗЫ ЖҮНДІ ҚОЙ ТҰҚЫМЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ

Авторы

  • Исаева Ж.Б. Инновациялық Еуразия университеті
  • Мелдебекова Н.А. «Қазақмалшаруашылығыжәнемалазығыөндірісіғылыми-зерттеуинституты»
  • Бахралинова А.С. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Кантарбаева Э.Е.
  • Жақыпова К.Б. М. Қозыбаев атындағы СҚУ

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.1(108).151

Ключевые слова:

жайылым, тозу, табиғи шөптер, табиғи аймақтар, тік аймақтылық, топырақтың ылғалдылығы, өнімділік.

Аннотация

Мақалада нақты аумақта жайылымдарды маусымдық пайдалану арқылы табиғи жайылымдарды ұтымды пайдалану бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Жамбыл облысы Қордай ауданы «Батыр» шаруа қожалықтың аумағы геоботаникалық зерттеулер негізінде өсімдіктер қауымдастықтарын оқшаулай отырып, оларды пайдалану маусымдарына бөлінді (көктем-жаз-күз). Маусымдық пайдалану кезінде жыл мезгілдері бойынша табиғи шөптердің шығымдылығын есепке алу жүргізілді және жайылымдық кезеңде тәжірибедегі қойлардың тірі салмағының өсуі анықталды. Қойлардың өнімділігін анықтағанда, тірілей салмақтың ең жоғары өсімі, шалғай жайылымда маусымдық жаю қолданылған тәжірибелік топта байқалды. Зерттеу жұмыстары келесі жүйеде жүргізілді: топырақ - өсімдік - жануарлар - мал шаруашылығы өнімдері. Зерттеу нәтижесінде тозған жайылымдардың мақсатында өсімдік жабынының өсімі және өсуі 15-18%-ға дейін жоғарылады. Сонымен қатар тиімді мал жаю жолымен мал өнімін 12%-ға дейін арттырып, жайылымды маусымдық пайдалануды қолданғанда зерттеудегі малдардың тірілей салмағының анағұрлым көбірек өсуі қамтамасыз ететілетіні анықталды.

Загрузки

Опубликован

2021-05-19