АСТАНА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІНДЕ МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ОРГАНИКАЛЫҚ БИОПРЕПАРАТТАРДЫ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ

Авторы

  • Kassenova Zh. M. LLP "Institute of Coal Chemistry and Technology"
  • Yermagambet B. T. LLP "Institute of Coal Chemistry and Technology"
  • Saulebekova M. Y. LLP "Institute of Coal Chemistry and Technology"
  • Imbayeva D. S. LLP "Institute of Coal Chemistry and Technology"
  • Kazankapova M. K. LLP "Institute of Coal Chemistry and Technology"

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1487

Ключевые слова:

гумат; тыңайтқыштар; микрожасылдар; ботаникалық бақ; топырақ; өсімдіктер; гуминді заттар

Аннотация

«Көмір химиясы және технологиясы институты» ЖШС ғалымдары NPK компоненттері (азот, фосфор, калий), молибден, темір, және магний сияқты элементтермен біріктірілген «Казуглегумус» органо-минералды тыңайтқышы негізінде модификацияланған органикалық биопрепараттар (МОБ) желісін
жасап шығарды. Алынған биопрепараттар топырақтың құрылымына жақсы
әсер етеді, сонымен қатар өсімдіктердің стресске төзімділігін арттырады.
"Кресс-салат" микрожасылдарында МОБ желісіне зертханалық зерттеулер жүргізілді, содан кейін Астана қаласының Ботаникалық бағындағы
биообъектілерде кейінгі далалық сынақтар жүргізілді, сондай-ақ сынақтарға дейін және одан кейін топырақ құрамына талдау өткізілді. MОБ желісінің ең
тиімді нәтижелері «калий гуматы + NPK» және «калий гуматы + молибден» биопрепараттарында көрсетілді, бұл олардың «Кресс-салат» микрожасылдарының өсуіне де, далалық сынақтарда Ботаникалық бақтың
биообъектілеріне де оң әсерін көрсетті. Сондай-ақ, «калий гуматы + магний» биопрепаратты атап өткен жөн, ол көк шыршаға (Picea pungens) қолданған
кезде өзінің әсерімен ерекшеленді. Бұл туралы «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-ға жататын агроэкологиялық
сынақ орталығында (зертханада) алынған талдау нәтижелері куәландырады.
Атап айтқанда, гумустың, азоттың (N-NO3), фосфордың (P2O5), калийдің (К2О), магнийдің (Mg) көрсеткіштері жақсарды. Гумустың мөлшері 73,3%
тәжірибелік топтарда көбейді, жоғарыда аталған көрсеткіштердің қалған бөлігі
бойынша да оң нәтижелер байқалды

Загрузки

Опубликован

2023-09-28