«ЗАЙМОС Н» ЖӘНЕ «ГЕКОЗАЙМ» АЗЫҚТЫҚ ҚОСПАЛАРЫН МЕКИЕН-ТАУЫҚТАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУДА ҚОЛДАНУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.1(108).146Ключевые слова:
азықтық қоспалар, мекиен, жұмыртқалағыштық, құстың сақталуы, абсолюттік өсуі, рациондар, жұмыртқа салу интенсивтілігі.Аннотация
Өнімділік көрсеткіштерін бағалау кезінде «Займос Н» мультиэнзим кешені өзінің іс-әрекетінде ең тиімді болып табылатыны анықталды. Оны қолдану келесі көрсеткіштерді жақсартты: тірілей салмақ, орташа және бастапқы мекиен үшін жұмыртқа өндірісі, жұмыртқа салу қарқындылығы және жем шығыны. Ферменттік кешендерді пайдаланбай бақылау тобындағы жалпы жиын 2685007 дана жұмыртқаны құрады, бұл I тәжірибелік топқа қарағанда 5,7% - ға және II топта тиісінше 5,2% - ға аз. Бұл ретте I топта Д1 – 2266216 санатындағы жұмыртқа жинау ұлғайды, бұл бақылау тобына қарағанда 43,5% -ға және тиісінше II тәжірибелік топқа қарағанда 10,5% - ға жоғары. Жұмыртқа өндірісінің рентабельдік деңгейін арттыру үшін «Займос Н» мультиэнзим кешенің мекиен-тауықтардың рациондарында 0,3 кг/т қолданған жөн.