ЖЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАЗДЫҚ БИДАЙ ДАҚЫЛЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

Авторы

  • Құлынтай Ф. Қ. А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы
  • Шаяхметов М. Р. П. А. Столыкин атындағы Омбы мемлекеттік аграрлық университеті
  • Ақшалов Қ. А. А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы
  • Карбозов Т. Е. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Жанзақов Б. Ж. А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.2(121).1456

Ключевые слова:

вегетациялық индекс; қашықтықтан зондтау; өсімдіктердің жалпы биомассасы; өсімдік жамылғысы; өнімділік; корреляция коэффициенті; геоақпараттық жүйелер.

Аннотация

Мақалада дәнді дақылдардың өнімділігін болжау бойынша ауыл шаруашылығы міндеттерін шешу үшін жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану жөніндегі зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Танаптардағы егістіктердің жай-күйі Sentinel-2 спутнигінен алынған ғарыш түсірілімдері негізінде вегетация фазалары бойынша One soil платформасындағы өлшемдермен талданды. Жаздық бидайдың өсіп даму фазасының әр кезеңіне түсірілім күндері таңдалынып вегетациялық индекс мәндерінің көрсеткіштері зерттелініп алынды. Аталған платформада жұмыс істеу үшін Quantum Gis бағдарламасында зерттелетін танаптардың сандық негізі құрылды. Вегетативтік индекстің мәні, NDVI вегетациялық индексінің өзгеру динамикасы айқындалды. NDVI мәнінің шыңдары түптену және түтікке шығу фазасына сәйкес келеді. NDVI мәндері мен өнімділік арасында күшті корреляциялық тәуелділік белгіленді, бұл осы деректерді өнімділікті бағалау және болжау үшін негіз ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Загрузки

Опубликован

2024-06-28