АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ КЕЛЕШЕГІ БАР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ 1000 ТҰҚЫМ МАССАСЫ МЕН ӨНІМДІЛІГІ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

Авторы

  • Джазина Д. М. Научно-производственный центр зернового хозяйства им. А.И. Бараева
  • Каиржанов Е. К. Научно-производственный центр зернового хозяйства им. А.И. Бараева
  • Крадецкая О. О. Научно-производственный центр зернового хозяйства им. А.И. Бараева

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1451

Ключевые слова:

сорт; вегетациялық кезең; өнімділік; 1000 тұқым массасы; желілер

Аннотация

Бидай – еліміздегі негізгі азық-түлік дақылдарының бірі. Бидайдың өнімділігі Солтүстік Қазақстандағы мәселелердің бірі болып табылады, оны шешу үшін жаңа жоғары өнімді сорттарды шығару және өндіріске енгізу қажет. Зерттеулер Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің мемлекеттік сорт сынағы әдістемесіне сәйкес жүргізілді. 1000 дәннің салмағы МЕМСТ 10842-89 бойынша анықталды. Зерттеу жұмыстары «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС жаздық жұмсақ бидай селекциясы зертханасының егіс алқабында жүргізілді.
Мақалада жаздық жұмсақ бидайдың конкурстық сұрыптық сынағы питомнигінің 2021-2022 жылдардағы зерттеу нәтижелері көрсетілген. Алынған мәліметтер бойынша 181/14, 3/14, 166/14, 256/14 желілері зерттеу барысында орташа есеппен екі жылдық өнімділік бойынша стандартты сорттардан сенімді түрде асып түсті және пісу топтары бойынша әртүрлі болды. Жаздық жұмсақ бидай желілерінің вегетациялық кезең, өнімділік және 1000 тұқым массасы арасындағы байланысын бағалау жүргізілді. Мақалада бидайдың келешегі бар желілерінің шаруашылық құнды белгілері бар кестелер келтірілген. Өнімділіктің вегетациялық кезеңмен корреляциялық тәуелділігі 2021 жылы 5% көрсеткіште (r = 0,76) құрады, өнімділік пен 1000 тұқымның массасы арасында корреляциялық тәуелділік әлсіз оң болды (r = 0,22). 2022 жылы белгілердің корреляциялық тәуелділігі оң нәтиже бермеді, бұл желілерді таңдау кезінде де ескерілуі керек. Зерттелетін компоненттер арасындағы белгілердің өзгеруі және корреляциялық байланыстар анықталды. Жүргізілген талдау өнімділік пен 1000 тұқым массасы арасындағы байланыстың әсер ету дәрежесін көрсетті, бұл селекциялық процесте мақсатты түрде іріктеуге мүмкіндік береді. Таңдалған желілер бастапқы материал ретінде пайдаланылады.

Загрузки

Опубликован

2023-09-28