МАЙБҰРШАҚТЫҢ СЕБУ МӨЛШЕРЛЕРІНІҢ ОНЫҢ САПАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫНА ӘСЕРІ

Авторы

  • Ansabayeva A. S. A. Baitursynov Kostanay Regional University
  • Ashirbekova I. A. S. Seifullin Kazakh Agrotechnical Research University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1448

Ключевые слова:

майбұршақ; күрт континентальды климат; себу мөлшері; өнімділік; сапа.

Аннотация

Тәжірибелік зерттеулер Қостанай облысы, Федоров ауданы «Олжа - Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жағдайында жүргізілді. Зерттелетін аймақтың климаты, жылдық жауын-шашын мөлшері 330…340 мм. Топырақ жамылғысы кәдімгі қара топырақ. Майбұршақ өсімдіктерінің далалық өнгіштігі 76,5%-дан 85,8%-ды, бақылау кезінде 80,0% -ды құрады. Өсімдіктердің сақталуы 65,6-80,8%, бақылау кезінде 70,2% құрады. Өсімдіктердің биіктігі 75,4-80,5 см, бақылау кезінде 79,3 см, бұршақтың бекіну биіктігі 16,0-17,1 см, бақылауда 16,9 см құрады. Өнімділік құрылымының элементтері: бір өсімдіктегі бұршаққап саны 17,6-19,6 дана, бақылау кезінде 18,0 дана; бір өсімдіктегі тұқым саны 26,8- 33,3 дананы құрады, бақылау кезінде - 29,2; бұршаққаптағы тұқымдардың саны 1,52-1,71 дананы құрады, бақылау кезінде - 1,62; 1000 тұқымның массасы 129,2-138,1 г, бақылауда 137 г. Ең көп өнім 1 гектарға 12,2 центнер - 1 гектарға 600 мың дана себу мөлшері кезінде жиналды. Себу мөлшері 1 гектарға шаққанда 500 мың дана болса, өнімділік 1 гектарға шаққанда 11,8 центнер болды. Себу мөлшерін 1 гектарға 800 мың данаға дейін көтергенде, өнімділік 2,6 центнерге төмендеді. Бақылауда және ең аз себу нормасында (1 гектарға 400 мың дана) өнімділік 1 гектарға 1,0 центнерге төмен болды.

Загрузки

Опубликован

2023-09-28