ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕКІ ЖАҚТЫ КҮН МОДУЛЬДЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1446Ключевые слова:
екі жақты күн модульдері; күн радиациясы; шағылысқан сәулелену; күн электр станциясы; артқы жағы; фотоэлемент; беткі жағыАннотация
Екі жақты күн модульдері алдыңғы жағынан да, артқы жағынан да күн радиациясын сіңіретін фотоэлементтерден жасалған. Олар күн энергиясын екі бетінен, яғни беткі және артқы жақтарынан электр энергиясына түрлендіреді. Бұндай күн модульдері алдыңғы жағындағы күн радиациясының түрлендіру тиімділігі артқы жағындағыға қарағанда бірнеше пайызға жоғары болады және 18-19% жетеді. Ал артқы жағындағы күн модулінің тиімділігі 14-15% болады. Екі жақты күн модульдері дәстүрлі бір жақты күн модульдерімен салыстырғанда электр энергиясын өндіруді 50% дейін арттыруға мүмкіндік береді. Аталған модульдердің жер бетінен немесе басқа заттардан шағылысқан сәулелерді тиімді сіңіре алатындығы дәлелденген басылымдар жеткілікті. Мақалада авторлар екі жақты күн модульдері орталық Қазақстан жағдайында пайдалану өте перспективалы екендігін дәлелдейді.