ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ЭХИНОКОККОЗДЫҢ ТАРАЛУ ДЕҢГЕЙІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2020.4(107).144Ключевые слова:
эхинококкоз, ауылшаруашылық жануарлары, сою пункттері, эндемиялық аймақтар, ацефалоцисттер, эхинококк цистасы, протосколекс, ауру көрсеткіші, әлеуметтік маңыздылығы.Аннотация
2019-2020 жылдары жүргізілген зерттеулер нәтижесінде эхинококкоздың барлық жерде таралғаны, республиканың барлық өңірлерінде кездесетіні анықталды. Атап айтқанда, Түркістан облысында, Алматы, Жамбыл облыстарында және Шымкент қаласында ерекше эпидемиологиялық шиеленіс сақталуда, онда эхинококкозбен ауыратын адамдардың көрсеткіші жыл сайын орташа республикалық көрсеткіштен 3 есе асады. Халықтың осындай ауру көрсеткіштері ерекше алаңдаушылық туғызады және жергілікті атқарушы органдарды, ветеринариялық зертханаларды, ветеринариялық инспекциялар мен басқармаларды, денсаулық сақтау органдарын, Қазақстанның паразитолог мамандарын тарта отырып, осы инвазиямен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді. Ауыл шаруашылық жануарларының жұқтырылуы әр өңірде әртүрлі көрсеткіштерімен анықталған. Солардың ішінде ірі қара мен қой ең көп жұқтырылған, шошқа мен ешкі ең аз мөлшерде, жылқыларды жұқтырудың нөлдік көрсеткіштері жануарлардың бұл түрі біздің елімізде паразиттің даму цикліне мүлдем қатыспайтындығын көрсетеді.