«АЙДАРБАЕВ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ СИЫРЛАРЫ СҮТІНІҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУ ДӘРЕЖЕСІН ЗЕРТТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2020.4(107).143Ключевые слова:
сүт, сапа, ауыр металдар, қауiпсіздік, ветеринарлық-санитарлық бағалау, кадмий, қорғасын, күшән, сынап, шаруа қожалығы.Аннотация
Мақалада Алматы облысында орналасқан «Айдарбаев» шаруа қожалығы сүтінің ауыр металдармен ластану деңгейі туралы нәтижелер берілген. Зерттеуге арналған сүт үлгілері 2020 жылдың көктем, жаз және күз мезгілдерінде алынды. Зерттеу жұмыстары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының зертханаларында TaLab вольтамперометриялық анализаторлы novaa 350 атомдық-адсорбциялық спектрометрінде жүргізілді. Кадмийдің анықталған көрсеткіші орта есеппен 0,07 мг/л болды. Қорғасынның сүт үлгілерінен анықталған мөлшері көктем мезгілінде орта есеппен 0,0153 мг/л құраса, жаз айларындағы орташа көрсеткіші 0,0142 мг/л, ал, күз мезгіліндегі анықталған орташа мөлшері 0,0161 мг/л құрады. Ал, күшән мен сынап мөлшері анықталмады. Зерттеу нәтижесі бойынша сүт құрамында кадмий, сынап, қорғасын және күшән мөлшері рұқсат етілген концентрация шегінен аспады. Алынған нәтижелер еліміздің табиғи нысандарындағы ауыр металдардың құрамы бойынша қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жүргізу үшін негіз бола алады.