КӨКӨНІС ЖӘНЕ БАҚША ТҰҚЫМДАРЫН ЭЛЕКТРЛІК ЫНТАЛАНДЫРУ ПРОЦЕСІНДЕ ТҰҚЫМҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.3(118).1423Ключевые слова:
тұқымдар; сәулелер; өсімдік көшеттері; тұқымға әсер ететін факторлар; сәулелену дозасыАннотация
Мақалада көкөніс және жылыжай дақылдарының тапшылығын болдырмау, олардың өнімділігін арттыру шаралары қарастырылған. Халықтың осы өнімдерге деген сұранысын қанағаттандыру үшін, қажет болған жағдайда экспорттық әлеуетке ие болу үшін өсірілетін өнімге заманауи ғылымның жетістіктерін қолдану қажет. Жаңа заманауи технологияларды пайдалану ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосады. Ауыл шаруашылығында азық-түлік өсіру кезінде көп еңбекті қажет ететін дәстүрлі әдістерден бас тарту керек. Мақалада дақылдарды өсіру кезінде маңызды болып табылатын тұқымдарды электрлік ынталандыру процесінде оларға әсер ететін факторлар туралы материалдар келтірілген. Өсімдіктердің өнгіштігі мен жақсы дамуы тұқымдарды өңдеуде заманауи технологияларды қолдану қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар, олардың өсуіне әсер ететін бірнеше факторларға әсер ету кезінде тұқым өсіруді ескеру қажет. Тұқымдарды ультракүлгін сәулесімен өңдеу кезінде сәулелену мен жарықтандырудың экспозициялық дозасының әсері зерттелді