ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ ПАРАЗИТОФАУНАСЫНА АНТРОПОГЕНДІК ЖҮКТЕМЕ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2020.4(107).142Ключевые слова:
сүт, сапа, ауыр металдар, қауiпсіздік, ветеринарлық-санитарлық бағалау, кадмий, қорғасын, күшән, сынап, шаруа қожалығы.Аннотация
Қазіргі уақытта балық паразитоздары медицина және ветеринария шеңберінен шығып отырған мәселе екенін атап өткен жөн. Біздің республикада көптеген онжылдықтар бойы өзекті болып отырған, адам үшін, балық өнімдерінің гельминтологиялық қауіпсіздігі туралы мәселе, сондай-ақ балықтардың саны мен өнімділігіне айтарлықтай әсер ететін эпизоотия мен энзоотия проблемасы. Паразитоздар қоршаған ортаны тұрақсыздандыратын және су айдындарында балық өнімділігінің өсуін тежейтін басты фактор болып табылады. Сонымен қатар, ішкі және теңіз су айдындарына көпфакторлы антропогендік әсер ету үдеуде. Әсіресе тұщы су қоймаларын, сондай-ақ континентальды теңіздерді ластау процесі XX ғасырдың ортасынан, индустриаландыру қарқыны күрт артқан кезде қарқынды түрде өтеді.
Осыған байланысты балық өнімділігін арттырудың негізгі шарты ихтиопаразитологиялық жағдайды дер кезінде анықтау және осы ауруларға қарсы күреске бағытталған шаралар кешенін әзірлеу болып табылады.