ТОПЫРАҚ ӨҢДЕУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТОПЫРАҚТЫҢ СУ-ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2020.4(107).140Ключевые слова:
No-till жүйесі, минимальды топырақ өңдеу жүйесі, топырақтың көлемдік массасы, өнімді ылғал, дәстүрлі технология, ауыспалы егіс, агроэкожүйе, алғы дақылАннотация
Мақалада топырақ өңдеу жүйелерінің оның су-физикалық қасиеттеріне әсерін зерттеу және тікелей себудің тиімділігін анықтау жұмыстарының нәтижелері баяндалып отыр. Аталған зерттеу жұмысы 2006 жылдан бастап А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы және Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясында (Қостанай облысы) оңтүстіктің карбонатты қара топырағында және кәдімгі қара топырақ жағдайында жүргізілді. Нөлдік өңдеу минимальды және дәстүрлі топырақ өңдеу жүйелерін салыстыра отырып талдау жасалды. Орта есеппен зерттеу жүргізілген жылдары оңтүстік қара топырағында ауыр саздақты топырақтың көктемгі ылғал қоры бойынша нөлдік өңдеу және минимальды өңдеу жүйелерінде үлкен айырмашылық анықталмады. Зерттеу нәтижелерінде нөлдік және басқа да топырақ өңдеу жүйесінде топырақтың егіс қабатында оның массалық үлесі айтарлықтай артпайтынына нәтижелер ұсынылған. Көп жылдары топырақтың нөлдік және минималды өңеу жүйелері бойынша топырақтың массалық үлесі орта есеппен 1,06 г/см³ құрап осы аймақ бойынша дақыл өсіруге жақсы көрсеткіш болды. Алғашқы зерттеу нәтижелері нөлдік және минимальды топырақ өңдеу жүйелерінде топырақты механикалық өңдеуден ішінара немесе толықтай бас тарту топырақтың негізгі су-физикалық құрылымының нашарлауына әкелмейтінін көрсетті. Алынған нәтижелер егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін (Conservation Agroculture) практикалық қолдануға және нақты түсіндіруге негіз бола алады.