КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ СЕМЕЙ ОБЛЫСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ҰЛТТЫҚ-МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС: ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ (ПАВЛОДАР УЕЗІ МЫСАЛЫНДА)

Авторы

  • Нұрбай Қ.Ж.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2020.4(107).139

Ключевые слова:

кеңес өкіметі, әкімшілік-бюрократиялық басқару әдістері, социалистік құрылыс, дағдарыс, аймақ, ұлттық мәселелер, қайшылықтар

Аннотация

Сонымен, мұрағат деректері мен тарихи әдебиеттерді сыни көзбен талдау Қазақ автономиялық кеңестік республикасының ұлттық-мемлекеттік құрылысын қалыптастыру барысында, ең алдымен аймақтарда көптеген мәселелердің шиеленіске түскенін байқатады. Олар қолдан жасалынып, кеңес үкіметінің қазақ халқының ұлттық болмысын жоюды көздеген қитұрқы саясатынан туындаған болатын. Ал қазақ қоғамының ұлттық негізінің қорғаушысы болған ру басылары қазақ қоғамына тән дәстүрлі тұрмыстық қалыпты сақтап қалғысы келді. Кеңестік социалистік реформалардың мән-мазмұнына мұқият үңілсек, кеңес билігінің көздеген мақсаты ұлттық бірегейлік пен біртұтастықтың түп-өзегі саналатын қазақ байлары мен оқығандарын үнемі қыспаққа алу арқылы қоғамдық-саяси өмірге араластырмау еді. Кезінде Алаш партиясының жақтаушысы, демеушісі болған олар кеңес үкіметіне өте қауіпті болғандықтан ақыры саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Кеңес үкіметі құрылғаннан бастап КСРО құрамындағы ұлттарды біріктіруге күш салудың, азаматтық қоғамды құрудың орнына өз азаматтарының құқықтарын таптап, еркіндіктеріне тұсау салды, оларға ой-пікірін еркін айтуға тыйым салды, әміршіл-әкімшілік басқару тәсілдерін таңдап, әкімшіл-бюрократиялық жүйені қалыптастырлды. Жалпы, кеңес үкіметінің алғашқы жылдардағы аймақтардағы саясатына баға беретін болсақ, жасалған шаралардың қайшылықтары мен шикіліктері, көз бояушылық басым болды. Шын мәнінде, әйгілі ағартушы, саясаткер Мұстафа Шоқайұлы «жаңбырдан шығып қарға ұрындық» деп атап өткендей, қазақ халқы (Түркістан халқы) патша үкіметінің езгісінен құтылғасын, қанқұйлылығы одан асып түсетін кеңес үкіметінің құрсауына түскен еді.

Загрузки

Опубликован

2021-05-20