ӨСКЕН АСТЫҚТАН СЫҒЫНДЫНЫҢ САНДЫҚ ШЫҒЫМДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.2(117).1365Ключевые слова:
өскен астық; сығынды; сусындар; технология; бидай; арпа; тритикале; күріш.Аннотация
Қазіргі уақытта макро және микроэлементтер тапшылығының себебі болып табылатын астық негізіндегі тамақ өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығының жалпы төмендеуі байқалады. Сондықтан, қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібінің басым бағыттарының бірі аурулардың даму қаупін азайтуға және адам денсаулығын сақтауға ықпал ететін технологияларды әзірлеу және функционалдық астық өнімдерінің ассортиментін кеңейту болып табылады. Жұмыстың мақсаты өну дәрежесіне, ұсақтау дәрежесіне және экстракция ұзақтығына байланысты спирттік үздіксіз экстракция әдісімен құрғақ қалдықтағы дәнді дақылдардың өскен дәнінен алынған экстрактивтік заттардың сандық шығымдылығын анықтауға бағытталған эксперименттік зерттеулер жүргізу болып табылады. Зерттеу барысында өнген астықтан сығындыны этил спиртімен экстаркциялау әдісі қолданылды. Эксперименттік деректерді математикалық статистика әдістерімен өңдеу нәтижесінде экстракция процесін дәл сипаттайтын регрессия теңдеулері алынды, атап айтқанда, дәнді дақылдардың өскен дәнінен экстрактивті заттардың шығуы. Нәтижесінде өскен бидай дәнінен сығындының шығымдылығының есептік мәні Ж=3,49%; өскен арпа дәнінен, экстрактивті заттардың шығымы ж=3,79%; өскен астықтан тритикале, шығымдылығы ж=3,6% құрайды.