ПІСІП-ЖЕТІЛУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ГРЕК ЖАҢҒАҒЫНЫҢ ЖАСЫЛ ҚАБЫҒЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • Султанова М. Ж. «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Астана филиалы
  • Акжанов Н. «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Астана филиалы
  • Сәдуақас Ә. С. «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Астана филиалы
  • Максумова Д. К. Ташкент химия-технологиялық институты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.2(117).1361

Ключевые слова:

жасыл қабық; сыртқы қабық; қабық; дәрумендер; антиоксиданттар; миркоэлементтер.

Аннотация

Дұрыс тамақтану мәселесінде денсаулықты нығайту үшін күнделікті тұтынатын тағамдарының құрамында дәрумендердің, микро және макроэлементтердің, антиоксиданттық қоспалардың толық жиынтығы маңызды. Бұл тұрғыда химиялық құрамы бойынша бай болып табылатын грек жаңғағының жасыл қабығын қолдану – өзекті болып табылады. Авторлармен грек жаңғағының жасыл қабығының химиялық құрамын зерттеу бойынша жұмыс жүргізілді. Пісіп-жетілу, яғни сүтті-балауызды пісу кезеңінде, грек жаңғағы жасыл қабығында пайдалы заттардың жинақталу динамикасы зерттелді. Грек жаңғағының жасыл қабығының химиялық құрамын зерттеу үшін сығынды алынды.Сығынды алу «АСВ-6» Сокслеті бойынша жартылай автоматты аппаратта жүргізілді. Грек жаңғағының жасыл қабығы үлгілеріне барлық химиялық талдаулар үш данада жүргізілді. Зертханалық зерттеулер тиісті химиялық техникалық шарттар мен МЕМСТ-қа сәйкес анықталды. Экстракт құрамында С, В1, В3 дәрумендерінің, йод пен темір минералды элементтерінің үлесі басым, ал антиоксиданттық белсенділік фенолдық қосылыстардың негізінде болатыны дәлелденді. Пісіп-жетілу сатысындағы жаңғақтың жасыл қабығы маусым айында ең жоғары антиоксиданттық белсенділікке және дәрумендік минералды құрамға ие. Жасыл қабықтың құрамы адам ағзасына қажетті барлық дәрумендер, минералдар мен антиоксиданттар бар екенін көрсетті. Жасыл қабықтың негізінде жасалатын биологиялық белсенді әзірлемелер адам ағзасына айқын биологиялық әсер етеді. Осылайша, грек жаңғағының жасыл қабығын тағамдық антиоксидант әрі дәруменді-минералдық байытқыш ретінде пайдалану мүмкіндігі дәлелденді.

Загрузки

Опубликован

2023-06-26