КҮН ЖҮЙЕСІНІҢ ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ӨРІСІ

Авторы

  • Мукушев Б.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2020.4(107).135

Ключевые слова:

Күн жүйесі, планеталар, гравитациялық өріс, гравитациялық потенциал, потенциал мен потенциалдық энергия арасындағы байланыс, байланыс энергиясы, потенциалдық шұңқыр, градиент, Mathcad пакеті.

Аннотация

Күн жүйесінің аспан денелерінің гравитациялық өрісін зерттеу аспан механикасы ғылымының негізгі міндеттерінің біріне жатады. Күн және Күн жүйесінің планеталарының тартылыс құбылысы суперпозиция принципі негізінде зерттеледі. Күн жүйесінің тартылыс өрісінің маңызды сипаттамасының бірі –гравитациялық потенциал қарастырылды. Материалдық нүктелердің және материалдық нүктелер жүйесінің гравитациялық потенциалы, сонымен қатар планета ішіндегі потенциал заңдылықтары зерделенді. Гравитациялық потенциал заңдарын пайдалана отырып Күн жүйесіндегі материалдық нүктенің қозғалысы кезіндегі тартылыс күшінің жасайтын жұмысы қорытылып шығарылды. Күн жүйесін құрайтын аспан денелерінің өрісінің потенциалыMathCad пакеті көмегімен зерттелді.Күн жүйесінің гравитациялық потенциалының графигі сандық әдістер көмегімен алынды және осы графиктің көмегімен әрбір планетаның гравитациялық потенциалы туралы қорытындылар жасалды. Бұл тұжырымдар компьютерлік зерттеулердің нәтижелері мен астрономияның жетістіктерін салыстырмалы талдауға негізделді.

Загрузки

Опубликован

2021-05-20