«SENTINEL-2» ЖАСАНДЫ ЖЕР СЕРІГІНІҢ СУРЕТТЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАР БИІКТІГІН (HS) ЖӘНЕ ҚАР СУЫНЫҢ ЭКВИВАЛЕНТІН (SWE) ЕСЕПТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2020.4(107).133Ключевые слова:
қардың қалыңдығы (HS), қардың тығыздығы (ρ), қар суының эквиваленті (SWE), Normalized-Difference Snow Index (NDSI), қар жамылғысының фракциясы (SCF), Sentinel-2, ауыл шаруашылығы, Солтүстік Қазақстан.Аннотация
«Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-де қар жамылғысының биіктігін есептеу үшін «Sentinel-2» жасанды жер серігінің мультиспектрлі суреттері қолданыылп, қар жамылғысының үлесін (SCF) есептеудің үш тәсіліне негізделген Normalized-Difference Snow Index (NDSI) қолданылды. Қардың қалыңдығын есептеудің жанама әдіс нәтижелері 2020 жылдың 27 ақпанынан 29 ақпанына дейінгі уақыт аралығында жердің қар жамылғысының нақты өлшенген деректерімен салыстырылып, расталды. Ең жақсы нәтижелер SCF есептеуінің квадраттық формуласынан, содан кейін сызықтық және экспоненциалдық теңдеулерінен алынды. RSME қатесі сәйкісінше: 1,31 см, 12,06 см және 12,86 см болып есептелді. Квадрат теңдеуді қолданып жасалған HS картасында қар жамылғысының ең төменгі деңгейі негізінен елді мекендерде байқалды және 4-5 см-ге жетті, ал ең терең қар жамылғысы 28 см-ге дейін жетіп, SRTM ЦРК бойынша зерттелетін ауданның теңіз деңгейінен ең төмен болатын солтүстік бөлігінде байқалды. Квадраттық формула негізінде жасалған SWE картасы бойынша судың ең төменгі деңгейі 9 мм, орташасы 50 мм шамасында, ал ең жоғарысы 62 мм-ге дейін жеткен. Осылайша, біз қар жамылғысын есептеу үшін квадраттық SCF, кем дегенде Солтүстік Қазақстан облысы үшін ең қолайлы және сенімді SWE карталарын жасауға керемет мүмкіндік беретін әдіс деген қорытындыға келеміз.