ҚЫЗЫЛАҒАШ СУҚОЙМАСЫНЫҢ ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ (БАЛҚАШ – АЛАКӨЛ БАССЕЙНІ)

аборигенді; бөгде; алуантүрлілік; ихтиофауна; таралуы; түрлік құрамы; Қызылағаш суқоймасы.

Авторы

  • Амирбекова Ф. Т. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
  • Аблайсанова Г. М. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
  • Сансызбаев Е.Т. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
  • Қарлыбайұлы С. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
  • Исбеков К. Б. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.4.1257

Ключевые слова:

аборигенді; бөгде; алуантүрлілік; ихтиофауна; таралуы; түрлік құрамы; Қызылағаш суқоймасы.

Аннотация

Мақалада Балқаш-Алакөл бассейніне жататын маңызы бар Қызылағаш суқоймасының ихтиофаунасының алуантүрлілігі сипатталған. Зерттелген суқоймалардың таксономиялық құрылымын аборигенді, интродуцент, кәсіптік маңызы бар және кәсіптік маңызы жоқ балықтар құрады. Зерттеу нәтижесінде аборигенді балықтардың таралу аймақтары қысқарып, саны азайғаны, ал интродуцент бөгде балықтардың таралуы аймағы кеңейіп, түрлік құрамының артқаны анықталды. Зерттеу барысында Cyprinidae, Balitoridae және Channiidae тұқымдасына жататын аборигенді және бөгде балық түрлері кездесті. Аборигенді балықтар: балқаш қара балығы Schizothorax argentatus (Kessler, 1874), қабыршақсыз көкбас Diptychus dybowskii (Kessler,1874), кәдімгі гольян Phoxinusp phoxinus (Linnaues, 1758), біртүсті талма-балық Triplophysa labiata (Kessler, 1874), северцов талма - балығы Nemacheilus sewerzowii (G. Nicolsky, 1938), теңбіл талма-балық Triplophysa strauchi (Kessler, 1874), тибет талма-балығы Triplophysa stoliczkai (Steindachner, 1866). Бөгда балық түрлері: амур шабағы Pseudorasbora parva (Temminck et Schlegel, 1846), жыланбас балық Channa argus (Cantor, 1842). Сирек кездесетін аборигенді балықтардың ішінде балқаш қара балығы, біртүсті талма - балығы, северцов талма – балығы және теңбіл талма-балық кездесті. Зерттеуді Қаза стан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қаржыландырды (Грант BR10264205).

Загрузки

Опубликован

2022-12-21