АГРОЛАНДШАФТТАРДЫҢ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА АГРОТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘСЕРІ

агроландшафт; топырақ өңдеу жүйесі; өнімділік; нөлдік топырақ өңдеу жүйесі; минималды өңдеу жүйесі; топырақ ылғалдылығы; агротехнология.

Авторы

  • Кошжанова Ф. К. «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
  • Акшалов К. А. «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
  • Карбозов Т. Е. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Баймуканова О. Н. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Ауесханов Д. А. «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.4.1223

Ключевые слова:

агроландшафт; топырақ өңдеу жүйесі; өнімділік; нөлдік топырақ өңдеу жүйесі; минималды өңдеу жүйесі; топырақ ылғалдылығы; агротехнология.

Аннотация

Мақалада жаздық бидайды өсіру технологиясының топырақ құнарлылығының өзгеруіне әсер ету механизмі, топырақты өңдеу әдістерінің агроландшафттардың өнімділігіне әсері зерттелінді. Топырақтың су-физикалық қасиеттеріне, жаздық бидайдың өнімділігіне топырақтың негізгі өңдеу әдістері арқылы салыстырмалы баға берілді. Аңызық алғы дақылдар ылғалдылығы бойынша сүрі танаптан 11,6 16,2 мм жоғары көрсеткіш көрсетті. Топырақтағы сүрі танапты алғы дақыл бойынша өнімді ылғал қоры аңызық алғы дақылдан 33,4 мм-ге артық көрсеткішке ие. Зерттеуге алынған агротехникалық нұсқаларда қар жамылғысының биіктігі және жалпы қардағы су қоры минималды өңдеу жүйесінде басымырақ болды. Технологиялар бойынша қардың тығыздығында айтарлықтай өзгеріс байқалмады. Оңтүстік қара топырақта нитратты азоттың 0-40 және 0-60 см қабатта мөлшері 13,8-18,2 мг/кг құрады. Жаздық бидайдан алынатын өнімділік топырақтың минималды өңдеу жүйесі бойынша аңызық алғы дақыл және сүрі танапты жағдайда жақсы нәтиже береді. Нәтижесінде орташа өнімділік сүрі танабы бойынша - 27,1 ц/га, аңызық дақыл бойынша 26,3 ц/га.

Загрузки

Опубликован

2022-12-21