TRICHODERMA САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРЫНЫҢ БИОМАССАСЫ МЕН ТИТРІНЕ ДЕГИДРАТАЦИЯНЫҢ ӘСЕРІ

Триходермин-KZ биопрепараты; Trichoderma саңырауқұлағының биомассасы; өсу белсенділігі; температуралық режим; субстрат; қоректік орта; титр.

Авторы

  • Шуменова Н. Ж. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Науанова А. П. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Баимбетова Э. М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Хамитова Т. О. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.4.1212

Ключевые слова:

Триходермин-KZ биопрепараты; Trichoderma саңырауқұлағының биомассасы; өсу белсенділігі; температуралық режим; субстрат; қоректік орта; титр.

Аннотация

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің топырақтану және агрохимия кафедрасының микробиология зертханасында Trichoderma туысының саңырауқұлақ штамдары негізінде Триходермин-KZ биотыңайтқышын алу үшін кептірудің оңтайлы температурасын анықтау 60 тәулік бойы жүргізілді.  Ауыл шаруашылық топырақтарында пестицидтердің шектен тыс қолданылуын қысқартудың немесе шектеудің бірден-бір тиімді жолы биологиялық бақылау болып табылады. Өсімдікті қорғау саласында ауру қоздырғыштармен күресу мақсатында биологиялық агент ретінде Trichoderma туысына жататын саңырауқұлақтар кеңінен қолданылады. Триходермалық саңырауқұлақтар негізінде жасалатын сұйық, құрғақ, паста тәрізді биопрепарат түрлерін жасау кезінде ең негізгі параметр болып препарат титрі және биомассасы саналады. Мақалада Trichoderma саңырауқұлағының биомассасын кептірудің әртүрлі температуралық жағдайларына салыстырмалы зерттеу жүргізілді. Әр түрлі температуралық режимдер биопрепараттың массасына және оның титріне әсер ететіні көрсетілген. Зерттеу жұмыстары барысында температура мен кептіру ұзақтығының триходерманың мицелийінің өсуіне және спора түзуіне әртүрлі әсер ететіні анықталды. Триходерма биомассасын 30°C температурада тіпті 30 минутқа дейін кептіргенде биопрепараттың титрі жоғары болатыны, мицелийдің радиальді өсу қамтамасыз етілетіні байқалды. 35-43°C температуралық режимде 20-25 минут аралығында дегидратациялау мицелийлердің жеткілікті дамуына, жоғары титрлі биомасса алуға мүмкіндік береді. Бұл экстракция процесіне жағымды әсер етеді және кептіргеннен кейін биологиялық өнімнің фунгицидтік сипаттамаларының өзгеруіне әкелмейді және зерттеу нәтижелері бойынша ең оңтайлы болып табылады. Алынған нәтижелерді математикалық өңдеу нәтижесінде биомасса титрі мен кептіру температурасы арасындағы корреляциялық байланыс анықталды. Кептіру температурасы мен уақыты аралығы неғұрылым жоғарылаған сайын биомасса титрі де азая беретіні анықталды.

Загрузки

Опубликован

2022-12-21