ЖАЗДЫҚ АРЫШ (Camelina sativa L. Grantz) ДАҚЫЛЫН САҢЫРАУҚҰЛАҚ АУРУЛАРЫНАН ҚОРҒАУ
жаздық арыш; биологиялық препарат; фунгицид; Fusarium; Alternaria; Экстра- сол; Пиктор.
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.4.1205Ключевые слова:
жаздық арыш; биологиялық препарат; фунгицид; Fusarium; Alternaria; Экстра- сол; Пиктор.Аннотация
Зерттеу жұмыстары 2018-2020 жж Ақмола облысы, Сандықтау ауданына қарасты «Каменка и Д» ЖШС-де жүргізілді. Зерттеу нысаны жаздық арыштың Исилькулец сорты болды. Арыштың фузариоз және альтернариоз тектес саңырауқұлақтар тудыратын ауруларына қарсы пиктор фунгициді мен экстросол биологиялық препараты қолданылды. Арыш ауруларына қарсы қолданылатын Мемлекеттік реестрде бір де бір фунгицид жоқ болғандықтан тәжірибемізде Пиктор фунгициді мен Экстросол биологиялық препараты зерттелді. Тәжірибеден өткен препараттар Fusarium және Alternaria тектес саңырауқұлақтар тудыратын ауруларға қарсы тиімділігін көрсетті. Экстрасол препаратының тиімділігі 61,2-77,1%; пиктор препаратының тиімділігі 74,1- 82,0% көрсетті. Солтүстік Қазақстанның қара топырақты аймағында өсірілген жаздық арышты (Исилькулец сорты) Fusarium, Alternaria фитопатогенді саңырауқұлақ түрлері залалдайтыны анықталды. Аурулардың даму динамикасы аймақтағы жауын-шашынның түсімі, ауа ылғалдылығы мен ауа температурасына тікелей байланысты болды.