ПЛАЗМАЛЫҚ ШЫНЫҚТЫРУ КЕЗІНДЕ БОЛАТТЫ ДОҢҒАЛАҚТЫҢ БЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН ГРАДИЕНТТІ-ҚАБАТТЫ ҚҰРЫЛЫМ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.84Ключевые слова:
болатты доңғалак, плазмалық шынықтыру, айналдыру, градиентті-қабатты құрылым, аустенит, мартенсит, тозуға төзімділік, микроқаттылық, болаттың механикалық қасиеттері, беріктендіру тереңдігі.Аннотация
Болатты доңғалақты плазмалық шыңдау кезінде беріктелген аймақтың қимасы бойынша құрылым түзудің механизмі мен кинетикасы ұсынылған. Плазмалық ағынмен тұтас илемделген дөңгелектерді өңдеуге негізделген металл материалдардың бетін плазмалық өңдеуді қолданудың өзектілігі көрсетілген. Мұндай өңдеу процесінде материалдың құрылымы мен қасиеттерін қалыптастыру орталық (осьтік) аймақтың өзгермейтін химиялық құрамы, құрылымы мен қасиеттері кезінде қалыңдығы 1-3 мм дейінгі жұқа беттік қабатта болатыны көрсетілген. Болатты доңғалақтың плазмалық-термиялық әсер ету аймағының қимасы бойынша құрылым түзудің механизмі мен кинетикасы, сонымен қатар салқындату жылдамдығын мен айналу процесінің температуралық жағдайына байланысты өзгерістер аныкталган. Плазмалық-беріктендірілген болатты доңғалақтың үстіңгі қабатындағы градиентті-қабатты құрылымның қалыптасуы зерттелді, ол мартенсит құрылымынан троосто-мартенситті және аралас пластиналы құрылымдарға күрт шектің түзілуін болдырмауға мүмкіндік берді. Аталған фактор болатты доңғалақтың беріктігін арттырады және оның жарықшаққа төзімділігіне ықпал етеді.