ШӨП СЕБУГЕ АРНАЛҒАН СЕПКІШТІҢ ЖЕКЕ ТЫҒЫЗДАҒЫШ КАТОГЫНЫҢ КОНСТРУКТИВТІК ПАРАМЕТРЛЕРІН НЕГІЗДЕУ

Авторы

  • Адуов М. А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Нукушева С.А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Тулегенов Т. К. Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина
  • Исенов К. Г. Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина
  • Володя К. Казахский агротехнический университет им. С. Сейфуллина

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1174

Ключевые слова:

дискілі сіңіргіштер; құрсауы цилиндрлі формалы тығыздағыш каток, шөп тұқымдарын енгізу тереңдігі; тарту кедергісі; катоктың және құрсаудың конструктивтік параметрлері, шөп тұқымдары

Аннотация

Осы мақалада шөп себуге арналған сепкіштің жеке тығыздағыш катогының конструктивтік параметрлері негізделді. Агротехникалық талаптарға сәйкес себу кезінде тұқымдардың топырақпен жанасуын жақсарту және оларға төменгі қабаттардан ылғалдың келуін арттыру мақсатында тығыздағыш каток тұқымдарды енгізу тереңдігінде тығыздығы оңтайлы топырақ қабатын қалыптастыруы керек. Тұқымдарды енгізу тереңдігінде тығыздығы оңтайлы топырақ қабатын қалыптастыру катоктың конструктивтік параметрлеріне тәуелді екені анықталды: құрсаудың диаметрі және ені.

Сепкіштердің қолданыста бар тығыздағыш бөліктерін қолданудың анықталған кемшіліктерінің негізінде өзгелерден артық құрсауының формасы цилиндрлі тығыздағыш катогы бар шөп себуге арналған сепкіштің эксперименталды енгізгіш бөлігі, шылбыры және тұқымдарды енгізу тереңтігін реттеу секторы негізделді және ұсынылды. Осыған орай, біз топырақты үймей топырақ түйірінің домалауын және бұзылуын (немесе түйірдің топыраққа басылып кірілуін) қамтамасыз ететін, сәйкес жұмыс еніне ие құрсаудың диаметрін және енін негіздедік. Каток алдында топырақтың үйілуін болдырмайтын катоктың диаметрі 0,32 м. аспауы, ал катоктың құрсауының ені 0,05 м. кем болмауы керек екені анықталды. Ұсынылған конструктивтік параметрлерге ие жеке тығыздағыш катокпен жабдықталған сепкіш 2018-20 жылдары «Гүлдана» ШҚ алқаптарында және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылыми өндірістік кампусының сынақтық участогында «Бурабай» еркекшөбінің және қылтықсыз арпабас тұқымдарын себу арқылы зертханалық-алқаптық сынақтардан өтті.

 

Загрузки

Опубликован

2022-09-01