2010 - 2020 ЖЖ. ҚР АУМАҒЫНДАҒЫ ЖАНУАРЛАР ҚАРАСАНЫНЫҢ ІНДЕТТІК ЖАҒДАЙЫ

Авторы

  • Abutalip A. Chief Researcher of Kazakh Scientific Research Veterinary Institute
  • Laskavy V. Scientific Research Institute of Medical and Veterinary Biotechnology
  • Aitzhanov B. Chief Researcher of Kazakh Scientific Research Veterinary Institute
  • Baikadamova G. S. Seifullin Kazakh Agrotechnical University
  • Abubekova A. S. Seifullin Kazakh Agrotechnical University

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1173

Ключевые слова:

инфекция; эпизоотология; қарасан; мониторинг; эпизоотиялық ошақ; эпизоотиялық жағдайдың шиеленісуі

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасы ветеринария қызметінің 2010-2020
жылдардағы ресми есеп деректерін талдау және авторлардың жеке
зерттеулері нәтижелері негізінде жануарлардың қарасан ауруының
індеттанулық мониторинг нәтижелері баяндалады.
Ел аумағындағы жануарлардың қарасан ауруының індеттік процесінің
негізгі эпизоотологиялық көрсеткіштері және осы ауру бойынша
қолайсыздық пен індеттік ахуалдың шиеленісуіне әсер ететін инфекцияның
таралу аймақтары анықталды. Осы уақыт аралығында тіркелген қарасан
ауруының орташа ошақтық көрсеткіші 1-ден 4 жануарға дейін болды, бұл
қарасан инфекциясының аса жұқпалы еместігін көрсетеді. Осы жылдардағы
Республика аумағында қарасанның пайда болу жиілігін зерттей келе,
аурудың белгілі бір мерзімнен кейін қайталанып отыру жағдайы
анықталынбады. Қарасан ошақтарының ай сайынғы динамикасын талдау
ауру негізінен қазан және қараша айларында көбірек көрініс беретінін
көрсетті. Індет ошақтары қыс айларында және ерте көктемде (желтоқсан,
қаңтар, ақпан және наурыз) сирек кездеседі немесе мүлде тіркелмейді.
2010-2020 жылдар аралығында (11 жыл) Қазақстан Республикасының
аумағында қарасанның таралуының жоғары деңгейі 3 облыста (Батыс
Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл), орташа деңгейі 3 облыста (Алматы,
Ақтөбе, Павлодар) байқалды, ал басқа 4 облыста (Қостанай, Атырау,
Қарағанды, Ақмола) – қарасанның таралу деңгейі төменгі дәрежеде болды.
Анықталынған эпизоотологиялық көрсеткіштерді бағалау және
ретроспективті талдау негізінде әрбір аймақтың қарасан ауруы бойынша
індеттік ахуалын көрсететін эпизоотологиялық аудандастыру карталары
әзірленді.
Біз құрастырған қарасан бойынша індеттік ахуалдың шиеленісу
қарқындылығын көрсететін картаға сәйкес, 2010-2020 жылдар аралығында
Қазақстан Республикасы аумағының 71,4% құрайтын 10 облысы
территориясы қарасан ауруынан қолайсыз, ал қалған 4 облысы (28,6%)
аумағы (Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан) бұл
індеттен таза болып есептелінді.
Қазақстан Республикасы аумағындағы қарасанның індеттік
жағдайының динамикасы туралы жинақталынған жаңа ғылыми мәліметтерді
аурудың алдын алу шараларын жоспарлау мен жүргізу және жануарлар
қарасанымен күресудің тиімді шараларын дайындау кезінде пайдалануға
болады.

Загрузки

Опубликован

2022-09-01