ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЖАБЫ ТИПТІ ЖЫЛҚЫЛАРЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ - АСЫЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1171Ключевые слова:
жылқы аталық із, зауыттық тип, өнімді жылқы шаруашылығы, жабы типі.Аннотация
Қазақ тұқымды мал шаруашылығымен ғылыми негізделген селекциялық- асылдандыру жұмыстары, нарықтық қатынастардың өзгеру жағдайында, оны жетілдірудің қажетті тиімділігін, сонымен қатар өнімділігі жоғары жылқымалының өсімін сақтау мен көбейтуді қамтамасыз етеді. Асылдандыру жұмыстың мақсаты-Қарағанды, Жамбыл және Павлодар облыстарындағы жылқы шаруашылықтарында қазақы тұқымды жабы типті жылқылардың асыл тұқымдық және өімділік қасиеттерін жақсарту. Селекциялық белгілердің кешені бойынша қарқынды селекция кезінде қазақ жылқы тұқымының гетерозиготалығын сақтау және арттыру бойынша селекциялық- асыл тұқымдық жұмыс әдісін әзірлеу жұмыстың жаңалығы болып табылады.Отандық қазақы жылқы тұқымын жан жақты сақтау керек, өйткені оның республикадағы жылқы шаруашылығының генофонды үшін маңызы зор. Жаңа зауыттық аталық ізді жылқылардың төлдерін өсіру асыл тұқымдылық жағынан құнды және жас малдарды сатып өткізу кезінде экономикалық жағынан тиімді болып шықты. Республикада жылқы шаруашылығының дамуына жергілікті халықтың жылқы шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысы жоғары, сондай-ақ еліміздің барлық аймақтарында жылқы өсіруге қолайлы табиғи жайылымдардың кең аумақтарының болуы ықпал етуде. Жабы типті қазақ жылқылары үшін жыл бойына табиғи жайылымдарды пайдалана отырып, арзан жылқы ет өнімін өндіру мақсатында өсіріледі. Жалпы базалық шаруашылықтарда қазақы тұқымды жабы типті жылқылар саны-930 бас бие, оның элитасы-33,1%, бірінші класы-42,6%, ал екінші класы-24,3% құрады. Шаруа қожалықтарындағы барлық негізгі өндіруші айғырлар саны-73 бас, оның барлығы класы элитаға жатқызылды. Бағалау көрсеткіш нәтижелері бойынша, селекциялық-асыл тұқымдық сапасы мен мал басынының жеткіліктілігіне орай одан әрі селекциялық асылдандыру жұмыстарды жүргізуге болатындығын көрсетеді.