ОПИСТОРХОЗ ДИАГНОСТИКАСЫНДАҒЫ МОЛЕКУЛАЛЫҚ МАРКЕРЛЕР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.55Ключевые слова:
описторхоз, метархоз, диагностика, метацеркария, марита, маркер гені, секвенирлеу, филогенетикалық ағаш, праймерАннотация
Мақалада описторхоз инфекциясының негізгі қоздырғыштарын молекулалық-генетикалық идентификация және филогенетикалық анализ
жасау үшін қолданылатын негізгі үш маркерлік ген Internal transcribed spacer 1 (ITS1), Internal transcribed spacer 2 (ITS2) и Cytochrome oxidase (СОХ1) бойынша зерттеу нәтижелері көрсетіледі. Метацерариялар мен мариталардың жыныстық жетілген формаларынан ДНҚ алу әдісінің ерекшелігі және үш праймерлер үшін ПТР анализ қоюдың негізгі параметрлері көрсетіледі. Қазақстан Республикасының аумағында бөлініп алынған екі түрдің – O. félineus және M. bilіs – үш маркерлік гендері секвенделді. Алынған нуклеотид тізбектер халықаралық GenBank мәліметтер базасына
орналастырылды. Алынған нуклеотид тізбегі негізінде Opisthorchiidae тұқымдасына жататын тығыз байланысты организмдердің филогенетикалық
ағаштары құрастырылды және зерттелінген түрлердің генетикалық ерекшеліктері көрсетілді.