УЛЬТРАСКАНЕРЛЕУ ҚҰРЫЛҒЫСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БУДАН БҰҚАШЫҚТАРДАН ТІРІ КЕЗІНДЕ АЛЫНҒАН ЕТІНІҢ САПАСЫН, СОЙҒАННАН КЕЙІНГІ БАҒАЛАУМЕН САЛЫСТЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1165Ключевые слова:
будан бұқашықтар; ет сапасы; бұлшықет көз аймағы; сойғаннан кейінгі бағалау; ультрадыбыстық сканерлеу; тұқымАннотация
Бұл мақалада мал бордақылау алаңында будан бұқашықтардың (тұқымдылығы белгісіз сиырлар x абердин-ангус тұқымының бұқалары, тұқымы белгісіз сиырлар х герефорд тұқымының бұқалары) өсу мен даму қарқындылығын, союға дайындығын, сойғаннан кейінгі етінің сапасын бағалау үшін ультрадыбыстық сканерлеу құрылғысын қолдану арқылы анықтау нәтижелері берілген. Зерттеу нәтижесінде абердин-ангус будандары 515,3±7,4 кг тірілей салмақ тартса, герефорд будандары 516,7±7,9 кг, ал тұқымдылығы белгісіз будандар 487,0±4,7 кг салмақ қосты; осы будандарда бұлшық етінің көз аймағы тиісінше: абердин-ангус будандарында 82,5±5,4 см2, герефорд будандандарында 81,9±2,4 см2, тұқымдылығы белгісіз будандарда 78,1±4,7 см2 болса; тері асты май қабатының қалыңдығы сәйкесінше: ангус будандарында 6,1±1,4 мм, герефорд будандарында 7,0±0,3 мм, тұқымдылығы белгісіз будандарда 5,8±0,9 мм болды. Ультрадыбыспен өлшенген бұлшық ет көз аймағының союдан кейінгі өлшеммен сәйкес келуі үшінші топтағы герефорд будандарында орташа есеппен 95,3%, екінші топтағы абердин-ангус будандарында 95,6%, жергілікті жақсартылған ірі қара малда 96,9% құрады.