ТЖҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӨКСЕРКНІҢ (SANDER LUCIOPERCA) ЖАСАНДЫ КӨБЕЮ ТӘЖІРИБЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1163Ключевые слова:
көксерке; балықты тасымалдау; өсімін молайту; ТЖҚ.Аннотация
Ғылыми-зерттеу жұмысы КеАҚ С. Сейфуллин атындағы "Қазақ
агротехникалық университеті" "Балық шаруашылығы" ғылыми-зерттеу
орталығында өткізілді. Білім және ғылым министрлігінің гранттық
қаржыландыруына сәйкес айналмалы сумен жабдықтау қондырғыларында
көксерке балығын жасанды өсіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары
жүргізілді.
Біздің зерттеулеріміздің мақсаты-ТЖҚ жағдайында еуропалық көксерке
(Sander lucioperca) көбеюінің технологиялық әдістерін дамыту.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:
- табиғи су қоймаларынан өндірушілерді аулау;
- өндірушілерден жыныс өнімдерін алу және кейіннен уылдырықты
инкубациялау.
Жүргізілген зерттеулер негізінде көксерке өндірушілерін ұстауға арналған
инкубациялық модульдер мен қондырғылар әзірленді және уылдырық
кейіннен инкубациялай отырып, жыныс өнімдерін алудың технологиялық
процестері әзірленді.